Дүниеден өткен ата-анама қалай жақсылық жасаймын?

Дүниеден өткен ата-анама қалай жақсылық жасаймын?

Исламдағы отбасы
Жарнама

Сахих хадистерінің бірінде:

«Біз Нәбидің (с.ғ.с.) жанында тұрғанымызда бір кісі: «Я, Рассуллаһ (с.ғ.с.), ата-анам қайтыс болғаннан кейін оларға жақсылық істеудің жолы бар ма?» - деп сұрапты.

Ол (с.ғ.с.):

«Иә, бар. Қайтыс болған ата-анаңа төрт жолмен жақсылық істесең болады:

- олар үшін дұға етіп күнәлары үшін жарылқау тілеу;

- орындай алмай кеткен уәделерін орындау;

 - достарын құрметтеу;

- ата-анаңды себепші етіп, олардың туыстарымен қатынасты үзбеу» - деді».

Осы ой ендігі бір хадисте былайша жалғасын табады: «Жан тапсырысымен пенденің барлық амалы тоқтап, тек үш амал өз жалғасын табады. Ол - жария садақа, үйреткен пайдалы білім, артта қалған ізгі ұрпақтың дұғасы». 

материал «Алланы сүю» кітабынан алынды,

ummet.kz


Бөлісу: