Екінші жартысын Алла Тағала маңдайға жазып қояды деген шын ба?

Екінші жартысын Алла Тағала маңдайға жазып қояды деген шын ба?

Исламдағы отбасы
Жарнама

«Екінші жартысын Алла Тағала маңдайға жазып қояды деген шын ба?» деген сауалға жауап іздеп көрейік.

Шын. Бірақ бұны дұрыс түсіну керек. Сіздің екінші жартыңыз кім болатынын Алла тағдырыңызға жазып қойған. Сіздің қандай шешім қабылдайтыныңызды, не істейтініңізді алдын-ала біліп, жазып қойған. Алла үшін уақыт деген ұғым жоқ.

Түсінікті болу үшін мынадай мысал келтірейін. Астрономдар зерттеулер жүргізіп, күнтізбеде «Алматыда 24 тамыз күні Күн сағат 06:05-те шығады» деп алдын-ала жазып қояды. Сол күні Күн тура сол уақытта шығады. Енді қараңызшы. Күн астрономдар «сол уақытта шығады» деп жазып қойғаны үшін сол уақытта шықты ма әлде физикалық заңдардың нәтижесінде шықты ма? Екінші нұсқа дұрыс иә? Сол сияқты біз де екінші жартымызды іздейміз, әрекет қыламыз, сөйтіп сол әрекетіміздің нәтижесін көреміз. Ал Алла оны алдын-ала біліп тағдырымызға жазып қойған. Сол үшін түк істемей, тәуекел еттім деудің қажеті жоқ. Әрекетке – берекет.

материал «Не үшін үйлену керек?» кітабынан алынды,

ummet.kz  


Бөлісу: