Бақытты әйел мен бақытсыз әйелдің айырмашылығы

Бақытты әйел мен бақытсыз әйелдің айырмашылығы

Исламдағы отбасы
Жарнама

Бəрінен бұрын еркекке бақытты əйел керек. Егер еркек əйелінің көзінен үрей, бақытсыздық көрсе, оған жаны ашуы мүмкін, бірақ махаббаты артпасы анық.

Сондықтан біз бірінші кезекте жан дүниеміздің тыныштығына қол жеткізуіміз керек. Ішкі тыныштық, бақыт – жеңісте де, жеңілісте де болатын жан дүниедегі гармония.

Бақыт пен рахаттану

Көпшілігіміз ішкі бақыт рахаттану арқылы келеді деп ойлаймыз. Мысалы, қалаған үйімізге қол жеткізсек, ішін жиһазға толтырсақ бақытты болатындай көрінеміз. Кейде бақытты болуымызға аздаған ақша мен жаңа жерге көшу жетпей тұрғандай көрінеді. Əрине, бұлар белгілі бір құндылықтар, алайда бақытты болуымыз үшін олардың болуы міндет емес. Біздің қателігіміз сол, бақытты өзімізға рахат сезімін сыйлайтын қымбат дүниелерден іздейміз. Бақыт пен рахаттану – мүлде бөлек дүниелер.

Бақытқа қалай қол жеткіземіз?

Еркекті түсіну əйелге үлкен бақыт əкеледі. Ана болу, үй шаруасы, сүйікті əйел болу бұл қуанышты еселей түседі. Ал мінезін жаңағыдай жетілдіре түсу оған тыныштық сыйлайды.

Махаббат міндетті емес

Өзін бақытсыз сезініп жүрген əйел “күйеуім мені жақсы көрсе, бақытты болушы едім” деуі мүмкін. Бірақ ішкі бақыт басқа адамдарға, сыртқы жағдайларға байланысты болмайды. Тіпті күйеуіңіздің махаббаты да сіздің бақытыңызға тікелей əсер етпейді. Ішкі бақыт – əр əйел қол жеткізе алатын жеке жеңіс. Бірақ күйеуінің махаббатына қол жеткізе алмаған əйелдің бақыты да толық болмайды.

Бақытсыз əйел

Бақытсыз əйелдің көздері үнемі шаршап тұрады. Жүрісі шайқалып, иығы түсіп, дауысы жыламсақтанып шығады. Мұндай əйелдерге шағымдану, біреу туралы асығыс пікір айту, пессемизм тəн. Өз жасынан үлкен көрінеді, ішкі əлемі шаршаңқы, бірдеңеге алаңдаулы болады.

Бақытты əйел

Ол əйелдің көзі бақыттан шуақ шашып тұрады, еңсесі көтеріңкі болады, өзінде үміт пен сенім, оптимистік көзқарас басым. Ол жеңіл жымияды, айналасына қуаныш сыйлайды. Ол сенгіш, өзінен тыныштық көрінеді.

Жан дүниенің бақытына жеткізетін қадамдар:

1. Ер-азаматты түсіну. Ол түсіністікке қалай жетуге болатынын жоғарыда айттық.

2. Мінезді дұрыстау. Өзіңді қалай бар солай қабылдай білу. Пенде болғаннан кейін кейде қателік жібересің. Өзіңнен көп дүние талап етуге болмайды. Сосын қарапайым нəрселерден лəззат ала білу керек. Бір əйелдер қарапайым стақаннан су ішіп те қуана алады. Ал енді біреулер фарфор ыдысы болса да бақытсыз.

3. Əйелдік рөліңді дұрыс атқару. Жақсы жар, ана болу, үй шаруасы.

материал «Сүйікті әйел болудың құпиясы» кітабынан алынды,

ummet.kz

Бөлісу: