Қызы тұрмысқа шығатын жасқа келген әкенің әке ретінде не істеуі керек?

Исламдағы отбасы
Жарнама

Ер жеткен ұлы мен бой жеткен қызы бар отбасылар құда түсуі кезінде «салт-дәстүрдің» басымдығына кездеседі. Қазақ салтында құдалық жігіт жағынан болады. Алайда, қыз жағының тіпті тура әйелдің де еркекке үйлену ұсынысын білдіретін аяттар мен хадистер бар. Мысалы, Шұғайып (ғ.с.) Хазіреті Мұсаның алдалдығы мен парасаттылығын біліп, қыздарына үйленуді өзі ұсынған еді.

Хазіреті Омар қызы Хафсаның алдымен Хазіреті Османға, одан кейін Хазіреті Абу Бакрге ұсынған, олар үндемеген соң, сол ұсынысын Алла Расулына жасаған. Сөйтіп Хазіреті Пайғамбар Хафса анамызға үйленген.[1]

Мүмин қызға атеист немесе пасық біреу құда түссе, қоғамдағы орны мен байлығына қарамай, ондай ұсынысты қабылдамау керек. Құда түсетін әйел үшін де діндарлық пен ахлағының жақсы болуы ең басты шарт болып табылады. Хадисте былай делінген: «Әйелге мына төрт қасиеті үшін үйленеді: Мүлкі, тегі, сұлулығы, және діні. Сен діндарын таңда, сонда берекетке қарық боласың!».[2]

 

[1]. әш-Шірбини, Мұғнил Мұхтаж, III, 189.

[2]. Бұхари, Никәх, 15; Әбу Дәуіт, Никәх, 2; Нәсәи, Никәх, 13.

Бөлісу: