Күйеуінің көңілін тапқысы келген әйел мынаны міндетті түрде жасасын!

Исламдағы отбасы
Жарнама

Бұл дүниенің өткінші әрі сынақ екенін жүрегіне бекіткен салиқалы әйел күйеуінің көңілінен шығу үшін мына міндеттерді міндетті түрде жасайды.

 ♥ Жақсы әйелге немесе еркекке ең бірінші жәрдем – Алладан. Күйеуінің көңілін аулағысы келген әйел Алламен қарым-қатынасын түзеп, алақанын жайсын. Жүрекке Алланың ғана әмірі жүреді. Қос жүрекке махаббат пен мейірімді салатын – Алла! Сондай-ақ, ешбір әйел өзінің сымбаты, мінезі, байлығымен отбасын ұстап тұра алмайды. Ешбір әйел күйеуі үшін ғана жасаған амалдарымен, сұлулығымен мінезімен, дәмді тағамдарымен Жәннатқа жете алмайды. Ол барлық амалдарын Алла разылығы үшін жасауы тиіс. Алла сұлулықты жақсы көреді, бір-біріміз үшін сұлуланайық, Алла тазалықты, жаратылыстарының мейірімді болғанын жақсы көреді, біз де соған талпынайық деп сәт сайын ниетті түземек керек. Мұсылман алдымен Алланы жақсы көреді, ал жарын – Алла разылығы үшін жақсы көреді!

♥ Сіз бір күнә жасасаңыз, дереу «Астағфируллаһ» деп Алладан кешірім сұрайсыз. Сол секілді, жарыңыздың кейбір ұсақ қате-кемшіліктеріне де «жарайды» деп қол сілтеуге, елеп-ескермей өткізіп жіберуге тура келеді. Сіз бір үлкен күнә жасасаңыз, арнайы тәубе намазын оқып, сол күнәңізді тастайсыз, өкінесіз, содан кейін қайталамайсыз. Дәл осылай, арада болған үлкен кикілжің, түсініспеушілітерді біржола ұмытып, «тез қайтқыштық» қасиетіне орын беріп, жүрегіңізді өкпе-реніштен босатыңыз. Жарыңыздың одан кейінгі қарым-қатынастарына есік ашып беру керек болады. Бұл – өте қиын. Әйтсе де бұлай жасау сіздің қолыңыздан келеді!

♥ Еркек үйдің отағасы, тіреуі бола тұра, күтімі жағынан келгенде үйдің үлкен баласы екенін ұмытпаңыз. Алған әйелінің анасы сияқты өзіне қамқорлық жасайтын, қарындасы сияқты өзін сыйлайтын және сүйген жар ретінде өзіне адал болғанын қалайды. Ал, сіз оған осы үшеуін де жасай біліңіз. Және көбіне анасындай болып қамқорлық танытуды да ұмытпаңыз!

ummet.kz

Бөлісу: