Құрбан айт мейрамын қалай өткізу керек?

Құрбан айт мейрамын қалай өткізу керек?

Құрбан Айт
Жарнама

Ораза айттан кейін 70 күн өткенде келетін Құрбан айт мерекесін көпшілік мұсылман 3 күн қатарынан тойлайды. Биыл бұл күндер маусым айының 28,29,30 жұлдыздарына дөп келіп отыр.

Мерекенің басты рәсімі – жаратушы разылығы үшін құрбан шалу. Бұл рәсім діни наным бойынша Ибраһим пайғамбар заманынан бері келе жатыр деп есептеледі. Құрбандыққа түйе, қой, ешкі, сиыр шалуға болады. Түйе мен сиырды 7 адам бірлесіп немесе бір адам жеке шала алады. Құрбанға шалынған мал етінің 1/3 бөлігін өзінің отбасы мен бала-шағасына, 1/3 бөлігі туған-туыстары мен көршілеріне, 1/3 бөлігін кедей және мұқтаж жандарға үлестіру абзал.

Құрбан айт – мұсылмандардың қуанып, бір-біріне сый жасап, ағайын-туыстың басы қосылып, ренжіскен жандар татуласатын күн. Достың досқа сыйы, ағайынның қадірі артатын күн. Мереке күндері жай күндер секілді өтіп кетпеуі тиіс. Тек шариғатқа сай тойласақ, мәселен, ұлттық ойындарымызды, салт-дәстүрімізді дәріптегеніміз абзал.

Құрбан айтта мерекелік ас пісіріп, туған-туысқандарыңызды, достарыңызды шақыруыңыз қажет. Өздеріңіз де ағайындарыңыздың үйлеріне қонаққа баруыңызға болады. Ең бастысы, оның мейрам екендігі білінуі тиіс.

материал «Ислам діні» кітабынан алынды,

ummet.kz


Бөлісу: