Бүгін – Алла қадірлі еткен күн

Бүгін – Алла қадірлі еткен күн

Құрбан Айт
Жарнама

Арапа – жақсы амалдардың топтас күні десек болады. Бұл күні бес парыздың бірі қажылық парызын өтеу үшін қажылар Арафат тауында болып, Аллаға мінәжат етеді.

Кімде-кім Арафатта тұрмаса, қажылық ғибадатын орындамаған болады. Пайғамбарымыз ﷺ: «Қажылық дегеніміз – Арафат, кімде-кім Арафатқа үлгерсе, қажылыққа үлгерген болады», – деп бұл күннің қадір-қасиетін атаған.

Әбур Хурайрадан жеткен хадисте Зүлхиджа айының он күндігі жайында Алла Елшісі ﷺ былай деген:

«Алла алдында Зүлхиджа айының алғашқы он күнінде жасалған ізгі амалдардан асқан сүйікті амал жоқ». 

Алғашқы он күннің ішінде біз сөз етіп отырған Арапа күні де бар. Зүлхиджа айының алғаш күнін ізгі амалдармен өткізген секілді «Арапа» күні сауап амалдарды молынан жасаған дұрыс.

Арапа күні қандай жақсылық жасасақ та, ізгі амалдарды арттырсақ та, оның ешбірі көптік етпейді. Пайғамбарымыздың ﷺ мына хадисін тағы бір еске түсіріп кетейікші: 

«Арапа күнін құрметтеңдер. Өйткені, арапа – Алла қадірлі еткен күн», - деген.

Біздің қазақ халқы бұл күнді әуелден қадірлеп, құрметтей білген. Арапа күні құрбан айт мерекесіне ерекше дайындық жасап, дәмді тағамдарына әзірлік жасап, үйдің іші-сыртын тазалап, әдіме де жаңа киімдерін киіп, ұлық мейрамның келгеніне ерекше шаттанып қуанысқан. Аллаға шүкір, бұл үрдіс бүгінде жалғасын тауып жатыр.

Олай болса, Алла тағала қадірлі еткен арапа күнді біздерде қадірлеп һәм қадіріне жете білейік. Құлшылық та, жақсылық та жарысу – қандай көркем көрініс. Арапа күні құлшынып қылған құлшылық пен шынайы жасалған жақсылық Алладан қарымта болып қайтары сөзсіз.

ummet.kz

Бөлісу: