Келесі Құрбан айтқа дейін не істеуіміз керек?

Келесі Құрбан айтқа дейін не істеуіміз керек?

Құрбан Айт
Жарнама

Міне, биылғы жылдың Құрбан айт күндері осымен тәмам. Келесі жылғы Құрбан айтқа дейін не істеуіміз қажет?

Құрбан айтта жамағат тек мал союмен ғана шектелмейді. Сондықтан, келесі Құрбан айтқа дейін де ренжіскен адамдардың татуласқаны жөн. Ауырып жатқан адамдардың көңілін сұрап, арнайы кіріп шығу, жетім-жесір, мұң-мұқтаж адамдарға жанашырлық жасау – сауабы мол істерге жатады. Осылайша береке мен бірлікті, қайырым мен қанағатты арттыратын Құрбан айт адамдардың жақындасуына, бірін-біріне ізгілік танытып, қайырымды болуына әрбір мұсылман атсалысу керек.

Рамазан айы аяқталғаннан кейін де нәпіл оразаларды ұстаған секілді Құрбан айт күндері бітсе де, жақсылық пен қайырымдылық жасауды одан әрі үзбей, жалғастыруымыз қажет. Құрбан Айт кезінде халқымыз мейірбандық, туыстық, таныстық, бір-бірімен көрісіп, кешірісіп, бүкіл жұртқа, xалыққа жақсылық тілейді. Ал біз жылдың он екі айында да, төрт мезгілінде де, әрбір күнінде де жан-жағымызға жақсылық жасап, кешірімді болуға тырысайық.

ummet.kz

Бөлісу: