Құрбандық малының етін қалайша дұрыс үлестіру керек?

Құрбандық малының етін қалайша дұрыс үлестіру керек?

Құрбан Айт
Жарнама

Аса Құдіретті Алла Тағала былай деген: «Сонда қашан олардың жамбастары жерге тисе (жаны шықса), жеңдер де, мұқтажға да, мұқтаж емеске де жегізіңдер» («әл-Хаж» сүресі, 36-аят).

Пайғамбар (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) құрбандық малына қатысты: «Жеңдер, жегізіңдер әрі қамданыңдар», - деген (Бұхари).

Ал құрбандық малының етін бөлудің ең жақсы үлгісі – бұл Ибн Аббастан жеткізілетін мына хадис: (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын): «Еттің үштен бір бөлігін өзіңе қалдыру керек, үштен бір бөлігін қонақтарға жегізу керек, ал тағы үштен бір бөлігін мұқтаждарға тарату керек».

материал «Құрбан шалу (хикметтері мен үкімдері)» кітабынан алынды,

ummet.kz

Бөлісу: