Әулие-әнбиелердің басына барып құрбан шалуға бола ма?

Әулие-әнбиелердің басына барып құрбан шалуға бола ма?

Құрбан Айт
Жарнама

Бұрынғы кісілер әулие-әнбиелердің басына барып, Аллаға дұға етіп, тілек тілейтін.

Әсіресе, ауқатты адамдар зират басына барғанда, Алланың атымен «бисмиллаһи, Аллаһу акбар» деп құрбан шалып, етін кедейлерге таратып, сауабын мәйітке бағыштайтын болған. Ал бүгінгі таңда ата-бабаларымыздың осынау өнегелі жолын дүние табу мақсатында бұрмалайтындар пайда болды. Мысалға айтсақ, кей адамдар: «Пәленше әулиеге арнап құрбан шаламын» деген ниетпен әулие-әнбиелердің басына баруды әдетке айналдырды. Әрине, бұлай істеу ақида тұрғысынан өте қауіпті, кісіні күпірлікке жетелейтін ауыр күнә болып табылады.

Алайда малды Алланың атын атап, «бисмиллаһи, Аллаһу акбар» деп шалса, яғни бір Алланың разылығы үшін болса, ондай малдың еті адал. Міне сондықтан да құрбандық шалатын кісінің ниеті өте маңызды. Үкім оның ниетіне қарай беріледі. Мысалы: «Бұл малды пәленше әулиенің атынан шаламын» деп, Алланың атын атамай, тек мәйіттің атынан шалынған құрбанның еті арам. Тіпті малды әлгі әулиенің атынан шалып жатып «бисмиллаһ» деп Алланың атын атаса-дағы оның еті желінбейді. Дүниеден өткен адамға бағыштап құрбан шалу үшінбейіт басына барып құрбан шалу шарт емес. Алайда барған болса, сол маңайдағы мешітке жолығып, мешіт имамына айтып, малды шариғатқа сай шалғаны дұрыс.

материал «Құрбан шалу (хикметтері мен үкімдері)» кітабынан алынды,

ummet.kz

Бөлісу: