Құрбан малдың еті қалай үлестіріледі?

Құрбан малдың еті қалай үлестіріледі?

Құрбан Айт
Жарнама

Құрбанның еті үш бөлікке бөлінеді. Бір бөлігін отбасына, екінші бөлігін туыс-туғандарына, жора-жолдастарына, үшінші бөлігін кембағалдарға тарату – мұстахап.

Құрбандықтың етін үлестіру жайлы Ибн Аббас (р.а.) былай деп риуаят етеді: «Пайғамбарымыз (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) шалғант құрбандығының үштен бірін – отбасына, үштен бірін – кедей көршілеріне, қалған үштен бірін садақа ретінде тарататын».

Құранда: «Сонда қашан олардың (малдың) жамбасы жерге тисе (жаны шықса), жеңдер де, мұқтаждарға да, мұқтаж емеске де жегізіңдер. Шүкір етулерің үшін осылайша малды еріктеріңе бердік», – десе, енді бір аятта:َ «(Құрбан шалсын) одан өздерің де жеңдер, жоқ-жітікке де жегізіңдер», – деген.

материал «Құрбан шалу (хикметтері мен үкімдері)» кітабынан алынды,

ummet.kz

Бөлісу: