19
Жұма,
Сәуір

һижри

Екі дүниеде бақытты ететін бес ерекшелік

Мақалалар
Жарнама

 

Пайғамбарымыздың (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) сахабаларының өмірбаянын зерделеп оқи отырып, оларды басқа адамдардан ерекшелендіретін мынадай бес қасиетті байқауға болады. Және осы бес қасиет оларға екі дүниеде де бақытты болып, жетістікке жетулеріне көмектесті.

1). Қарапайымдылық және жеңілдік. Олар өмірге, және өз бастарында болған жағдайлардың барлығына қарапайымдылықпен қарады, әрі өздерін табиғи қалыпта ұстады. Олар өздеріне қатысы жоқты қалдырды, тым кінәмшіл болмады, тереңдеп үңілуге тиіс емес сұрақтарды қазбаламады және шектен тыс қатаңдықтан сақтанды.

2). Амалдармен тығыз байланысты,  ауқымды әрі берекелі білім. Бұл өмірде құлшыныспен қолданылған білім еді. Әйтсе де, олардың білімдерінде артық ештеңе де болмаған. Ол қарапайым әрі анық болды, онда жаңылысу мен көпсөзділік болмаған: «Шын мәнінде Алладан құлдарынан білімділері қорқады» Фатыр» сүресі, 28-аят).

3). Оларда жүрек амалдары дене амалдарынан да көп болды. Оларға ықылас пен бойсұнушылық, тәуекел мен сүйіспеншілік, Алла Тағаланың сыйынан үміт ету, Оның жазасынан қорқу, Оның рахымына ұмтылу, әрі қаһарынан қорқу тән еді. Егер дене амалдары, яғни денемен атқарылатын ғибадат, құлшылықтар туралы айтар болсақ, онда сахабалардың көптеген ізбасарлары бұл құлшылық түрлерінде сахабалардың өздерінен де  ынталырақ  болды: «Расында Ол, көкіректегілерді толық білуші» («Һуд» сүресі, 5-аят).

4). Дүние нығметтеріне қызықпау және оларды пайдалануда шектен шықпау. Бұл оларға жан тыныштығын, бейбітшілдік пен бақыт әкелді: «Ал кім мүмін болған түрде, ахиретті қалап, сол үшін тырысса, міне солардың тырысулары шүкірге (қабылдануға) лайық» («Исра» сүресі, 19-аят).

5). Оларда қайғыруға да, қамығуға да уақыт болмаған. Өйткені олар ылғи да Алланың жолында соғысты, бір жорықтан келе сала олар келесі жорыққа аттанды: «Алла кім өз ризасына үйлессе, сол кітап арқылы есендік жолдарына салады және өз нұсқауымен қараңғылықтардан жарыққа шығарып тұп-тура жолға салады» («Мәида» сүресі, 16-аят).

ummet.kz

Бөлісу: