29
Жұма,
Наурыз

һижри

Бүгіннен бастап тұрғын үйлерге жылу беріледі

Бүгіннен бастап тұрғын үйлерге жылу беріледі

Дәрістер

30 қыркүйек. Нұр-Сұлтан. Ummet.kz – Елордада бүгіннен бастап тұрғын үйлерге жылу беріледі. Бүгін қаладағы әлеуметтік нысандар жылыту жүйесіне қосылды, деп хабарлайды қала әкімі Алтай Көлгіновтің Instagram -дағы парақшасына сілтеме жасаған ummet.kz тілшісі.

«Ауа-райына байланысты мектептер, балабақшалар, ауруханалар мен емханалар келіп түскен өтініштерге орай жылыту жүйесіне қосылды. Ертеңнен бастап тұрғын үйлер мен басқа да нысандарды қосуды бастаймыз. Бұл жұмыс бірнеше күнге созылады. Ережеге сәйкес жылыту маусымы орташа тәуліктік температура +10 градусты көрсетіп, бес күн бойы сақталғанда басталады», деп жазды қала әкімі Instagram -дағы парақшасында.

Еске сала кетсек, Шығыс Қазақстан және Солтүстік Қазақстан облысында жылу маусымы басталып кетті.

Бөлісу: