18
Бейсенбі,
Сәуір

һижри

Жұма – мұсылман қауымы үшін қасиетті күн. Бұл күні иісі мұсылман жамағаты мешіттерге ағылады. Қиямда сап түзеп, тізе түйістіреді. Сәждеге бас қойып, Алладан бірге дұға-тілек жасайды.

Бүгін «Астана» медресесінде Елбасының «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» тақырыбындағы Жолдауына байланысты шәкірттермен кездесу өтті.

Күндердің сұлтаны, кедейлердің қажылығы болған жұма күнінде Астана қаласы, «Теміржолшылар» кентінде орналасқан «Әс-Сәлам» мешітінде қос бірдей игі шара өтті.

Мұсылман қауымы қадір тұтатын құлшылық ордасы – мешіттердің бұл күндері халықтың рухани әлеуетін көтеруімен қатар, материалдық тұрғыдан да қолдау білдіруімен маңызы артып келеді.

Мешіт – жамағаттың бірлігін сақтап, білімін арттыратын, адамгершілікке үндеп, жақсылыққа шақыратын шаңырақ. Қазіргі күнде құлшылығын ұдайы мешітте оқуға бейім жамағаттың имамдармен, имамдардың халықпен қарым-қатынасы нығайып, байланысы арта түскен.

Ислам – қазақ тарихында үлкен маңызға ие, ұлт мәдениетімен астасқан дін. Халқымыздың салт-санасымен үйлесім тапқан дініміз төрт мектептің бірі – Имам Ағзам Әбу Ханифа мәзһабы негізінде тарап, қанат жайды.

ҚМДБ-ның шариғат және пәтуа бөлімі меңгерушісінің орынбасары, Ғұламалар кеңесінің мүшесі, PhD докторанты Шоқанов Сансызбай Құрбанұлы Астанадағы іссапары аясында қала мешіттерінде уағыз-насихат жүргізді.