25
Бейсенбі,
Сәуір

һижри

Құрбан айт – қазақ жұртшылығы үшін ерекше сезіммен күтер мереке. Бүгінде айтулы мейрамда игі істерге, қайырымдылық шараларына үлес қосуға асығар ағайын қарасы молайды.

Ислам – бейбітшіліктің әрі білімнің діні. Бүгінгі бар ғылымның бастауы ислам өркениеті мен мұсылман ғалымдарынан тарқатылатынына әлем куә. Бұл – қазіргі күннің мұсылман жастары үшін сауапты да асыл міндет жүктейтін тарих.

Бүгін Астанада қасиетті Құрбан айт мерекесіне орай баспасөз мәслихаты өтті.

«Әлжан ана» мешітінде ұйымдастырылған брифингке ҚМДБ өкілдігі, «Нұр Астана» орталық мешіті бас имамының орынбасары Нұрлан Рамазан, «Әлжан ана» мешітінің бас имамы Қуаныш Сәбитов және Астана қаласы әкімдігі Дін істері жөніндегі басқармасының бөлім басшысы Арман Пірзадаев қатысты.

Құрбан айт – бүгінде қазақ жұртшылығында ерекше аталып өтетін айтулы мереке. Дәстүрімізге сіңіскен ислам құндылықтарын насихаттау ісі де – маңызды міндеттер қатарынан. Осы мақсатта бүгін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының өкілдігі, «Нұр Астана» орталық мешіті айт мерекесінде құрбандық шалатын орындарда қызмет қылатын қасапшыларға арнайы семинар-тренинг ұйымдастырды.

Бүгін – Білім күні. Республика көлемінде барлық білім мекемелері алғашқы қоңырауын қағып, білім ізденген балғындар мен жастарға айқара құшақ ашты.

Бүгін Астана халықаралық әуежайынан ұлық ғибадат – қажылыққа 300-ден аса Қазақстан азаматы сапарға шықты. Отандастарымызды шығарып салу шарасына Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының наиб мүфтиі Наурызбай қажы Тағанұлы мен Аппарат басшысы Ғилымбек Мәжиев қатысып, ақ ниет, дұға-тілектерін айтты.

 Құрметті жамағат!

Сіздерді әр аптаның жұма күні "Нұр Астана" орталық мешітінде жұма намазынан кейін өтетін әйелдер жамағатына арналған ақида дәрістеріне шақырамыз!

Дәрісті өткізетін Әл-Азхар университетін тәмамдаған білікті теолог, исламтанушы, ұлағатты ұстаз Қабылбек Әліпбайұлы өткізеді

 

Дәрістің басталу уақыты: 02.09.2016  Жұма күні сағат: 14:15

 

 

ummet.kz

Қазақстанға ресми сапармен «Бейбітшілік үшін діндер» ҮЕҰ-ның орынбасары  К.Сугино және ұйымының Азия бойынша бас хатшысы И.Хатакейяма келді.

Санаулы күндерден соң күллі мұсылман қауымының қасиетті Құрбан айт мерекесі басталмақ. Бүгінде осынау мерекенің қадір-қасиетін халық тереңінен сезініп, құрбандық шалушылар қатары да көбейді.

Жаңа оқу жылы қарсаңында бүлдіршіндерге қуаныш сыйлайтын «Мектепке жол» акциясы бүгін Астана қаласындағы «Төлебай» мешітінде жалғасын тапты.