Жаңа наиб имам жамағатқа таныстырылды

Жаңа наиб имам жамағатқа таныстырылды

Мешіт тынысы
Жарнама

9 тамыз. Нұр-Сұлтан. Ummet.kz – Бүгін «Нұр Астана» мешітінің Бас имамы Асқар Әбітайұлы жұма намазына жиналған жамағатқа жаңа наиб имамды  таныстырды, деп хабарлайды ummet.kz тілшісі.

ҚМДБ-ның төрағасы, Бас мүфти Cерікбай қажы Ораздың бұйрығымен Абдрахманов Бақдәулет Нұрматұлы Шымкент қалалық «Halifa al-Nahaian Aqmeshiti» мешітінің І-наиб имамы қызметінен босатылып, Нұр-Сұлтан қалалық «Нұр Астана» мешітіне наиб имам болып тағайындалды. Асқар Әбітайұлы жамағаттың алдында Бас мүфти Серікбай қажы Ораздың бұйрығын оқып, Бақдәулет Нұрматұлына жаңа қызметінде табысты болуын тіледі.

Нұрматұлы Бақдәулет 2003-2008 жылдар аралығында Қарағанды облысы, Жезқазған өңірі бойынша өкіл имамның орынбасары, наиб имам қызметін атқарған. 2008-2014 жылдары Қарағанды облысы, Сәтпаев қалалық «Балмағанбет Балқыбайұлы» мешітінің Бас имамы қызметін абыроймен атқарса, 2014 жылдан  Шымкент қалалық «Абдулхамит Қаттани» мешітінің Бас имамы қызметінде жемісті еңбек етті.

1

2

3

4

5

6

7

Бөлісу: