«Әс-Сәлам» мешітіне бас имам тағайындалды (ФОТО)

Мешіт тынысы
Жарнама

Рамазан айы қарсаңында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының бұйрығымен Әбубәкіров Нұрбол Абсаттарұлы Астана қаласы Теміржолшылар кентіндегі «Әс-Сәлам» мешітінің бас имамы болып тағайындалды.

Жаңа тағайындалған имамды оразаның алғашқы тарауих намазында «Нұр Астана» мешітінің найб имамы Төлеби Оспан жұртшылыққа таныстырып, тағайындау туралы ҚМДБ бас мүфтиі Ержан қажы Малғажыұлының бұйрығын оқып берді.

Абубакиров Нұрбол Абсаттарұлы, 1983 жылы ОҚО, Шардара ауданы, Көксу ауылында туылған. 2009-2011 ж.ж Түркістан қаласындағы «Түркістан» медресесінде, 2011-2013 ж.ж Алматы облысы, Қарасай ауданы, Үшқоңыр ауылындағы «Үшқоңыр» медресесінде ұстаздық еткен. 2012-2013 ж.ж ҚМДБ-ға қарасты 4-айлық Имамдардың білімін жетілдіру институтында дәріс берген. 2013 жылдың қыркүйек айынан бастап Астана қаласындағы «Астана» медресесінде ұстаздық қызметін атқарып келді.


«Нұр Астана» орталық

мешітінің баспасөз қызметі

Бөлісу: