Сауат ашу курсына шақырамыз

Сауат ашу курсына шақырамыз

Мешіт тынысы
Жарнама

26 тамыз. Нұр-Сұлтан. Ummet.kz – Дәстүрлі Сауат ашу курсының жаңа оқу маусымы ашылды, деп хабарлайды ummet.kz тілшісі.

Ардақты Пайғамбарымыз Мұхаммед (ﷺ) білім турасында машһүр хадисте:

طَلَبُ العِلْمِ فَرِيْضَةٌ عَلَىْ كُلِّ مُسْلِمٍ

«Білімді талап ету әрбір мұсылманға парыз», - деген. Ал, білім алған адамның дәрежесі жоғары болатыны жайында Пайғамбарымыздың (ﷺ) хадисінде:

مَنْ يُرِدِ اللّٰهُ بِهِ خَيْرًا يُفَقِّهْهُ  فِي الدّ۪ينِ

«Алла Тағала кімге жақсылық қаласа, дінді терең білуді нәсіп етеді», - дейді (Бұхари, «Ильм», 10; Муслим, «Имара», 175).

«Тегінде, адам баласы адам баласынан ақыл, білім, ар, мінез деген қасиеттермен озады» деген хакім Абай сөзін ту еткен жандар үшін мешітіміздің Сауат ашу курсы қолжетімді екенін естеріңізге саламыз.  

«Нұр Астана» мешітінде Сауат ашу курсының 2019-2020 жылдарға арналған жаңа оқу маусымы басталады. Курс аясында білім алушыларға «Әліппе, тәжуид», «Ислам шарттары (хадис, сира, фиқһ)», «Иман шарттары(ақида)» қатарлы пәндер бойынша сабақ беріледі.

Мешіт жанындағы сауат ашу курсына таңғы бөлім (10:00 – 11:30 аралығында) және кешкі бөлім (шам намазы мен құптан намазының аралығында) бойынша 11 жастан жоғары балалар және ересектер (ерлер мен әйелдер) қабылданады.

Курсқа тіркелу үшін жеке куәлігінің көшірмесі болуы, жасөспірім балалар үшін ата-анасының өтініші міндетті.

+7 775 562 20 44 уацап нөмері арқылы курсқа онлайн тіркеле аласыздар.

Бөлісу: