Белгілі айтыскер ақын Бас мешіт жамағатымен жүздесу өткізді (ФОТО)

Белгілі айтыскер ақын Бас мешіт жамағатымен жүздесу өткізді (ФОТО)

Мешіт тынысы
Жарнама

19 қазан. Нұр-Сұлтан. Ummet.kz – Нұр-Сұлтан қаласындағы республикалық «Әзірет Сұлтан» мешітінде әйел жамағатына «Отбасы құндылықтары» тақырыбында семинар болып өтті, деп хабарлайды muslim.kz сайтына сілтеме жасаған ummet.kz тілшісі.

Әр жұма сайын тұрақты түрде өткізіліп келе жатқан кездесу кешіне елімізге белгілі айтыскер ақын, «Дарын» мемлекеттік жастра сыйлығының иегері Сара Тоқтамысова шақырылған болатын.

Кездесу барысында отбасы құндылықтары, ер мен әйел психологиясы,  ене мен келін арақатынасында ескерілуі тиіс болған жайттар сөз етіліп, қыз-келіншектер үшін ғибратты кеңестер айтылды.

Кеш соңында қонаққа «Әзірет Сұлтан» мешітінің «Инабат» қыз-келіншектер клубының  атынан арнайы алғыс хат табысталып, қасиетті Құран Кәрім сыйға берілді.

Бөлісу: