Бүгінгі қоғамның дерті – ысырапшылдық (ВИДЕО)

Мешіт тынысы
Жарнама

17 қаңтар. Нұр-Сұлтан. Ummet.kz – Бүгін «Нұр Астана» мешітінде ҚМДБ Насихат және қоғаммен байланыс бөлімінің маманы Хамзат Әділбеков «Ысырапшылдықтың зардабы» жайында жұма уағызын жүргізді, деп хабарлайды, ummet.kz тілшісі.

Бүгінгі қоғамның дерттерінің бірі – шопомания. Қазір адамдар қызылды-жасылды жарнамалар мен науқандардың жетегінде бір айлық еңбекақысын бір-екі күнде қалай тауысып қойғанын байқамай да қалатын күйге жетті. Мұндай ысырапшылдықтың салдары үлкен күйзеліске, қаржылай дағдарысқа, тіпті ажырасуға дейін ұласып жатады.  Мұндай ысырапшылдық жайында дінімізде не айтылады?

Осы тақырып аясында ҚМДБ Насихат және қоғаммен байланыс бөлімінің маманы Хамзат Әділбеков бүгінгі жұма уағызында ашып түсіндіріп өтті:

«...Жеңдер, ішіңдер және ысырап етпеңдер, Алла ысырап етушілерді жақсы көрмейді» деп ескертеді Құран Кәрімнің «Ағраф» сүресінде.

«Жеңдер, ішіңдер» деген Алла Тағала мұсылмандарға адал әрі таза, өз денсаулығына, басқаның өміріне зияны тимейтін нәрселердің әрбір түрін пайдалануға рұқсат етеді.

«Және ысырап етпеңдер» яғни Алланың нәсіп еткен нығметтерін пайдалану жолында ысырап жасамаңдар, шектен шықпаңдар.

«Анығында Алла ысырап етушілерді жақсы көрмейді», мұсылманның бұл жалғандағы басты мақсаты – Алланың разылығын табу. Сондықтан әрбір іс-әрекетімізде Алланың разылығын мақсат етіп, оған қарама-қайшы келетін амалдардан сақтануымыз керек. Ішіп жеуде және басқа да дүние мүлік жұмсауда, пайдалануда ысырап ету Алланың жек көретін амалы және мұндай күнә істерден сақ болуымыз керек. 

Бұрынғы өткен салиқалы ғалымдарымыз, адал болып саналатын ас пен сусынның өзін мөлшермен ғана, қатты тоймай, құлшылығы мен жұмысына қажетті дәрежеде ішіп жеуді құп көрген, олар артық тойып ішіп-жеуді, тұтынуды зиян әрі ысырап деп есептеген», - деді Хамзат Қажымұратұлы.

2

2

2

2

Бөлісу: