Қыркүйек айындағы онлайн дәрістер кестесі

Қыркүйек айындағы онлайн дәрістер кестесі

Мешіт тынысы
Жарнама

3 қыркүйек. Нұр-Сұлтан. Ummet.kz – Елдегі карантин жағдайына байланысты көктемде басталып, жазда жалғасқан ҚМДБ имам-ұстаздарының онлайн дәрістері күзде де көрермен назарына ұсынылмақ.

Нақтырақ айтқанда, 1 қыркүйектен бастап қазақ тіліндегі дәрістер күн сайын сағат 12:00-де, ал орыс тіліндегі онлайн дәрістер 18:00-де тікелей эфирде өтеді, деп жариялады ҚМДБ баспасөз қызметі. Сонымен бірге, ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының Жұма насихатын әр жұма сайын сағат 13:00-де тыңдай аласыздар.

Қазақ тіліндегі дәрістерді Мүфтияттың Instagram-дағы парақшасынан (@muftiyatkz) және Хикмет студиясының ютуб арнасынан, ал, орыс тіліндегі онлайн дәрістерді @hikmet.tv Инстаграм парақшасынан тікелей эфирде тамашалауға болады.

Онлайн-дәрістердің кестесін назарларыңызға ұсынып отырмыз.   

hikmet1

Бөлісу: