«Нұр Астана» мешітінде «Қайырымды істер марафоны» өтті

«Нұр Астана» мешітінде «Қайырымды істер марафоны» өтті

Мешіт тынысы
Жарнама

Қайырымды іс жасау, бір-біріне көмектесу –  барша мұсылманның жан дүниесіне тән қасиет. Бүгін «Нұр Астана» мешітінде «Қайырымды істер марафоны» шарасы өтті. Ондағы мақсат – ел ішінде жомарттық және жақсылық жасау идеяларын насихаттау.

Марафон аясында 50 отбасыға көмек көрсетілді. Атымтай жомарт кісілердің қолдауымен өткен игі шара бұған дейін де өтіп, талай отбасының алғысына кенелген болатын. Әсіресе, көпбалалы және аз қамтылған отбасыларға көмек көрсетуде меценаттардың үлесі зор. Кейбір қол ұшын созушылар қанша жақсылық жасаса да, аты-жөнін атамауды сұрайды. Сондай жомарт кісілердің арқасында бүгін 50 отбасы қуанышқа бөленді. Келген отбасыларға азық-түлікке толы арнайы қорапшалар сыйлыққа үлестірілді.

Ұрпаққа үлгі көрсетіп, әрбір отбасына жылу мен мейірімділік сыйлауға атсалысқан мешіт ұжымына келген отбасылар алғыстарын жаудырып, ризашылықтарын білдірді.

8Nauryz 1

8Nauryz 2

8Nauryz 3

8Nauryz 4

8Nauryz 5

8Nauryz 6

8Nauryz 7

 

ummet.kz

Бөлісу: