Мешіт қызметкерлері мен ұстаздары Құран хатым дұғасын жасады

Мешіт қызметкерлері мен ұстаздары Құран хатым дұғасын жасады

Мешіт тынысы
Жарнама

Бүгін «Нұр-Астана» мешітінің дін қызметкерлері мен ұстаздары Рамазан айы бойы оқылған Құран хатымның дұғасын жасады. Мешітіміздің қариы Салман Хадиршаев қасиетті Рамазан айында бір ай бойы арнайы әлеуметтік желіде күнделікті тікелей эфир арқылы Құранды басынан аяғына дейін хатым еткен болатын.

Пайғамбарымыз (с.ғ.с): «Құраннан бір әріп оқыған адамға бір жақсылық жазылады. Ал әрбір жақсылықтың сауабы он еселенеді», - деп өсиет етті. Бүгінгі оқылған Құран хатымның дұғасын қасиетті Рамазан айының аяқталуына, алдағы Ораза айт мерекесінің құрметіне Алла тағала қабыл еткей! Осы ретте мешіт ұжымы мұсылман қауымын еліміз бен жеріміздің, күллі адамзаттың амандығы үшін жиірек дұға жасауға, Аллаға мадақ, пайғамбарға (с.ғ.с) салауат айтуға шақырды.

Дұға ету барысында мешіт қызметкерлері мен ұстаздары жүрекжарды тілектерін айтып, еліміздегі індеттің тезірек тоқтауын, жамағаттың мешіттерде бұрынғыдай бес уақыт намаз оқитын уайымсыз кезеңінін қайта келуін дұғаға қосты. Алла тағала елімізді аман, жұртымызды тыныш етсін!

QuranHatym 1

QuranHatym 2

QuranHatym 3QuranHatym 4

QuranHatym 5

QuranHatym 6

QuranHatym 7

ummet.kz

Бөлісу: