Мысырлық маманды шығарып салды (ФОТО)

Мешіт тынысы
Жарнама

Мұсылман елдерімен Ислам білімі мен ғылымы саласында әріптестік қарым-қатынасты нығайту өзара білікті мамандармен алмасу арқылы жылдармен жинақталатын тәжірибе. Осы мақсатта Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Ислам білімі бойынша Мысырдағы «Әл-Әзһар», Түркия республикасындағы «Хассеки» сынды ислам институттарымен тығыз байланыс орнатып келеді.

Камал Махрус Мысыр елінен Қазақстанға келген білікті ұстаз. Ол «Астана» медресесінде 2012 жылдан бері шәкірттерге дәріс беріп, дін Исламның негіздерінен білім берген тәлімгер. Сондай-ақ «Нұр Астана», «Әзірет Сұлтан» мешіті имамдарына да арнайы дәрістер өткізген Камал Махрус кеше екі ел арасындағы бекітілген 3 жылдық келісім-шарты аяқталып, еліне қайтты. ҚМДБ наиб мүфтиі, «Нұр Астана» орталық мешітінің бас имамы Наурызбай қажы Тағанұлы білікті дін маманына қазақы салтқа сай шапан жауып, сый-сияпат жасап шығарып салды. Еліміздегі дін қызметіне еткен еңбегі үшін құрмет көрсетіп, алғысын білдірді.

К.Махрус өз кезегінде қазақ халқының қонақжай қасиеті мен дархан көңіліне ризашылығын айтып, барша ел азаматтарына өзінің ыстық ықыласы мен тілектестігін жеткізді. Мысырлық дін маманын мешіт пен медресе ұжымы Астана әуежайына жеткізіп, қимастықпен қоштасты.


 

ummet.kz-ақпарат 

Бөлісу: