«Нұр-Астана»: Құрбан айт құрметіне қайырымдылық жасалды

«Нұр-Астана»: Құрбан айт құрметіне қайырымдылық жасалды

Мешіт тынысы
Жарнама

Қайырымдылықтың қашан да қайырымы мол. Бүгін «Нұр Астана» мешітінің ұйымдастыруымен, демеуші жомарт азаматтардың қолдауымен қаламыздағы әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға азық-түлік таратылды.

Қасиетті мейрам қарсаңында жасалған қайырымдылық шарасы аясында 30 отбасыға азық-түлік қоржыны үлестірілді. Құрбан айт мерекесі – тек мал сою науқаны емес. Сондай-ақ, мұсылманның мұсылманға қол ұшын беріп, жақсылық жасауы, бірін-бірі кешіруі, Алланың разылығын алуға асығатын ең абзал мейрамның бірі.

Айта кетейік, бұған дейін де «Нұр Астана» мешітінің бастамасымен аз қамтылған отбасыларға қолдау білдіру мақсатында қайырымдылық қоржындары үздіксіз таратылып келеді.

Жақсылық жасауда әрдайым жарысатын мешіт ұжымы мен қайырымдылық жасауда өзгеге үлгі болатын Атымтай жомарт жандарға Алла разы болсын!

Qaiyrymdylyq 2

Qaiyrymdylyq 3

Qaiyrymdylyq 4

Qaiyrymdylyq 5

Qaiyrymdylyq 6

ummet.kz

Бөлісу: