Айт мерекесіне дайындық жүргізілуде (ФОТО)

Мешіт тынысы
Жарнама

Ертең – мұсылман жұртшылығы үшін мүбәрак Айт мерекесі. Осыған орай еліміздің барлық аймағындағы мешіттерде һәм әрбір мұсылманның шаңырағында айт мерекесіне әзірлік жасалуда.

 

«Нұр Астана» орталық мешіті де жылдағы дәстүрмен Ораза айт мерекесін бұқаралық сипатта өткізуді жоспарға алды. Осы мақсатта бүгін «Нұр Астана» мешітінің ішкі және сыртқы тазалық жұмыстары жүргізілді. Құлшылық үйі арнайы  техникалар арқылы ақталып, аула тазалығы жасалуда. Сондай-ақ, мешіт алдында бой көтеріп жатқан қазақы үйлер де айт мерекесінің ажарын кіргізбек. «Нұр Астана» мешітінің бас имамы Наурызбай қажы Тағанұлы мешіттің шаруашылық істері қызметкерлеріне айт мейрамына тыңғылықты дайындық жүргізу керектігін айтып, арнайы тапсырмалар жүктеді. 

 

ummet.kz-ақпарат

 

Бөлісу: