Жәрмеңке қаражаты талай жанға жылу болды (ФОТО)

Мешіт тынысы
Жарнама

Қасиетті ораза айт мейрамында «Нұр Астана» орталық мешітінің сауат ашу курсы ұстаздары мен дәріске қатысушы қыз-келіншектері мешіт алаңында ұйымдастырылған жәрмеңкеге дәмді үй ас-тағамдарын әкеліп сатып, онан түскен қаражатты қайырымдылық жолында жұмсады.

Мерекелік жәрмеңкеден түскен қаражат бірнеше отбасының мұң-мұқтажына өтеуге себепкер болды. Отбасы асыраушысынан айырылып, қарызданған жалғызбасты анаға, тұрмыстық ахуалы төмен 2 отбасыға, сондай-ақ сапарда жолына қаражат жетпей, мешітке келіп, өтініш білдірген ұлты орыс әйелге де осы мақсатта жиылған қаражат жұмсалып, балаларға ойыншық, сыйлықтар, азық-түлік, тұрмыстық қажеттіліктері таратылды.

 

ummet.kz-ақпарат

Бөлісу: