«Әбу Насыр әл-Фараби» мешітінде айт намазы оқылды (фото)

«Әбу Насыр әл-Фараби» мешітінде айт намазы оқылды (фото)

Мешіт тынысы
Жарнама

Бүгін күллі мұсылман қауымының ұлық мейрамы – Ораза айт басталды. Таңғы сағат 7:00-де елорданың барлық мешітінде айт намазы оқылды. Дұға оқып, тілек тілеуге жиылған кісінің қарасы көп.

Биылғы айт намазының ерекшелігі – мұсылман жамағаты мешітке бетпердесіз келіп, арқа-жарқа боп қуанып, намаздан соң бір-бірімен қол алысып, құшақтасып, мейраммен құттықтады.

Дін мен дәстүрді ұштастыра білген мешіт ұжымы Ораза айт мейрамына ерекше дайындалды. Қазақы киіз үйде ұлттық тағамдардан ақ дастархан жайылып, мешіт ауласында балуандар белдесіп, балалар асық атып, мәре-сәре күй кешті. Әсем ән мен тәтті күйден шашу шашқан өнер адамдары мерекелік шараның сәнін келтіріп, халықтың қуанышын бөлісті. Ораза айт намазына келген бүлдіршін балаларға арнайы дайындалған тәттілер қорабы үлестірілді.

Таң сәріден ұлық мерекеде ізгі ниетімен, мешітке ағылған жамағат та мерекені шын сезініп, сүннетке амал етіп, хош иіс себініп, әсем киініп, қуанышты көңіл-күймен жүрді.

Мешіттің бас имамы Нұрлан Бекболатұлы айт намазының құтбасын оқып, жамағатқа жақсы тілегін арнады. Жиналған көпшілікке Ораза айт мейрамының қадір-қасиетін, әдебін түсіндіріп, мерекелік уағыз, насихат айтып, мүбәрак мейраммен құттықтап, ізгі тілегін жеткізді.

020522 Namaz 1

020522 Namaz 2

020522 Namaz 3

020522 Namaz 4

020522 Namaz 5

020522 Namaz 6

020522 Namaz 7

020522 Namaz 8

020522 Namaz 9

020522 Namaz 10

020522 Namaz 11

020522 Namaz 12

020522 Namaz 13

020522 Namaz 14

020522 Namaz 15

020522 Namaz 16

020522 Namaz 17

020522 Namaz 18

020522 Namaz 19

ummet.kz

Бөлісу: