«Әл-Фараби» мешітінде кезекті қайырымдылық шарасы өтті (фото)

«Әл-Фараби» мешітінде кезекті қайырымдылық шарасы өтті (фото)

Мешіт тынысы
Жарнама

«Әбу Насыр әл-Фараби» мешітінің ұйымдастыруымен және «Сауап» белсенділер тобының атсалысуымен кезекті қайырымдылық шарасы өтті.

Шара аясында «Әбу Насыр әл-Фараби» мешітінің ұжымы мен «Сауап» белсенділер тобы қаламыздағы әлеуметтік жағдайы төмен 20 отбасына бір айлық азық-түлік қорын үлестіріп,  көмек көрсетті. «Сауап» белсенділер тобының жанашыр да қамқор азаматтары мешіт қабырғасында өтетін көптеген қайырымдылық игі істердің басы-қасынан табылып, әрдайым игі істерге қолдау көрсетіп келеді. Алла Тағала Құранда: «Қайырдан не істесеңдер де, күдіксіз Алла оны біледі» («Бақара» сүресі, 215-аят) - дейді.

Әрдайым жақсылық жасауда үлгі болып жүретін мешіт ұжымы мен «Сауап» белсенділер тобының атымтай жомарт азаматтарына келген отбасылар алғыстарын білдірді.

da36d1a1 0d2e 4856 8cfb d24656fa6e04

417a1ac2 26cc 4bb2 b236 276344488fdb

ed17fd46 9955 4041 b5cb 9f56d09fd6bb

9d351bd3 77cf 4767 8c2e a691c4c7dee8

ummet.kz

Бөлісу: