«Әл-Фараби» мешітінде Ораза айт намазы оқылды (фото)

«Әл-Фараби» мешітінде Ораза айт намазы оқылды (фото)

Мешіт тынысы
Жарнама

Міне, айлардың төресі, күллі мұсылман баласы үшін қасиетті Рамазан айымен қимай қоштасатын күнге келдік. Рамазанда Алла Тағаланың сөзіне көбірек  үңілдік. Ой түйдік, әсерлендік. Отыз күн бойы Алла Тағалаға дұға-тілектерді көбірек айтып, мұң-мұқтажымызбен бөлістік, қажетімізді сұрадық.

Рамазан – құлшылық пен сабыр, береке мен бірлік айы болса, үш күн бойы тойланатын Ораза айт мейрамы – адамдардың көңіліне көктем сыйлап, жанын жадырататын ұлық мереке. Бұл күні ғұсыл құйынып, үстіне жұпар иіс сеуіп, айт намазына қатысу сүннет. Ораза айт – оразаның аяқталғанын білдіретін мереке.

Бүгін еліміздің барлық мешіттерінде Рамазан айынан кейін келетін Ораза айт намазы оқылды. Осы қасиетті мерекеде «Әбу Насыр әл-Фараби» мешітіне халық көп жиналды. Отыз күн оразаның сауабын арқалап, Алла Тағаланың үйіне таң сәріден жиналған жамағат сәждеге бас тигізіп, құлшылық етті.

Айт намазын оқып, құлшылық жасауға еңкейген қариядан балағат жасына енді толған жастарға дейін келген. Олар бір ай бойы Алла Тағаланың разылығы үшін ауыз бекітіп ашқұрсақ жүрді, көзді харамнан, құлақты өсектен, тілді ғайбат сөйлеуден тыйды.

Айт намазына жиналған жамағатқа «Әбу Насыр әл-Фараби» мешітінің Бас имамы Нұрлан Бекболатұлы Ораза айттың қадір-қасиеті мен осы күні атқарылатын салиқалы амалдар жайлы мерекелік уағыз-насихат айтып, жиналған жұртты қастерлі мерекемен құттықтады.

Екі рәкәғат айт намазы оқылғаннан кейін, арнаулы Ораза айт құтпасы оқылып, құтпа соңынан мешітіміздің Бас имамы елімізге амандық, халқымызға бақ-береке, Отанымызға тыныштық, азаматтарымызға екі дүниенің жақсылығын тілеп дұға жасады.

210423 Namaz 1

210423 Namaz 2

210423 Namaz 3

210423 Namaz 4

210423 Namaz 5

210423 Namaz 7

210423 Namaz 8

210423 Namaz 9

210423 Namaz 10

210423 Namaz 11

210423 Namaz 12

210423 Namaz 13

210423 Namaz 14

210423 Namaz 15

210423 Namaz 16

210423 Namaz 17

ummet.kz

Бөлісу: