«Діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл» семинары өтті (фото)

«Діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл» семинары өтті (фото)

Мешіт тынысы
Жарнама

Діни экстремизм – діндегі шектен шыққан көзқарастар мен әрекеттерге берілгендік. «Қорқыныш, үрей» деген мағынаны білдіретін «терроризм» – экстремизмнің асқынған көрінісі. Террорист зорлықтың аса қатыгез, үрейлі түрлері мен әдістерін пайдаланып, саяси мақсаттарға қол жеткізуді көздейді.

Бүгін «Әл-Фараби» мешітінің әйелдер жамағатына «Діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл» тақырыбында семинар өткізілді.

Семинарға «Діндерді зерттеу орталығының» маманы, дінтанушы Талшын Зарқымқызы, Сәтбаев қалалық Б.Балқыбайұлы атындағы мешіттің ұстазы  Талипбекова Рахима және Астана қаласы Бас мешіттің ұстазы Қарлығаш Қажымәлік қатысып, жиналған жамағатқа көркем насихат айтты.

Семинар спикерлері Талшын Зарқымқызы мен Рахима Талипбекова діни экстремизм мен терроризмнің әлеуметтік зияны мен қауіпі жайлы кеңінен баяндады. Атап айтқанда, қоғам мен мемлекетке аса ауыр психологиялық және материалдық шығынның болуы, адам өмірінің қиылуы, азаматтық өшпенділік немесе алауыздықтың тұтануы – діни экстремизм мен терроризмнің  зардаптары екенін атап өтті.

Семинар соңында Бас мешіттің ұстазы Қарлығаш Қажымәлік «Береке бастауы  – бірлік» тақырыбында уағыз айтып, келген жамағатты береке-бірлікте болуға, ел тұтастығы мен ынтымағын сақтауға шақырды.

280423 Seminar 1

280423 Seminar 3

280423 Seminar 4

280423 Seminar 5

280423 Seminar 6

280423 Seminar 7

280423 Seminar 8

280423 Seminar 9

280423 Seminar 10

280423 Seminar 11

ummet.kz

Бөлісу: