Жастар ісі секторының меңгерушісі мешіт жастарымен кездесті (фото)

Жастар ісі секторының меңгерушісі мешіт жастарымен кездесті (фото)

Мешіт тынысы
Жарнама

ҚМДБ Уағыз-насихат бөліміне қарасты Жастар ісі секторының меңгерушісі Әділет Рахымұлы мешітіміздің жастарымен кездесу өткізді.

Кездесу барысында Әділет Рахымұлы жастарға қазіргі қоғам жастарының бейнесін сипаттай келе Ихсан тақырыбын басқа қырынан ашып берді.

Атап айтқанда, жас ұрпақты жастайынан мейірімділік, ізгілік, қайырымдылық, адамгершілік секілді құнды қасиеттерді бойына сіңіре білу, сондай-ақ салауатты, саналы ұрпақ тәрбиелеу, рухани бай адам баласын қалыптастыру керектігін атап өтті.

Сондай-ақ, сектор меңгерушісі қазіргі жастардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, ғаламтор желісіндегі өзге зиянды ақпараттардан назарын бұру мақсатында олардың қызығушылығын туғызатын пайдалы бейнероликтер, танымдық ойындар мен бағдарламаларды ұсынатын интернет-ресурстарын жасақтау қажет екендігін тілге тиек етті.

«Егер біз тәуелсіздігіміз тұғырлы, егемендігіміз баянды болсын десек, «өркениеттер қақтығысында» жұтылып кетпей, өзіндік бірегейлігімізді сақтап қаламыз десек, балалар мен жасөспірімдер тәрбиесіне ерекше көңіл бөлуіміз қажет. Осы ретте Ихсан ұғымының алар орны ерекше», - дей келе Әділет Рахымұлы ихсанның исламдағы, отбасы тәрбиесіндегі көрінісін кеңінен баяндады.

08818b89 238c 41bc 9734 98e2ff765275

de28992e 8a87 4dd3 8765 c2f92fbf08ff

e1fab73b 6eea 4707 9b22 c1c828d1b2ad

ummet.kz

Бөлісу: