Астана қаласында қасапшыларға семинар өтеді

Мешіт тынысы
Жарнама

«РАББЫҢ ҮШІН ҚҰРБАН ШАЛ!»

акциясына қатысуға шақырамыз!

 

Құрметті жамағат! Қасиетті Құрбан айт мерекесінің ең ұлық ғибадаты – құрбандық шалу. Астана мешіттері жылдағы дәстүр бойынша «Раббың үшін Құрбан шал!» қайырымдылық акциясын өткізеді. Айттың басталуына санаулы күндер ғана қалды. Сондықтан құрбандық шалуға мүмкіндігі бар барша жамағатты шараға қатысуға шақырамыз! Акция аясында сойылған құрбандық еттерін тиісті мұқтаж жандарға таратылатын болады.

 

 

Құрбан шалатын орындар

 

Астана қаласы әкімдігі құрбандық шалатын арнайы 8 орын әзірлеп отыр. Баршаңызды осы орындарда құрбандық шалуға шақырамыз. 

1. «Алтын Таға» мал базары Астана-Қосшы тас жолында,

2. «Пищекомбинат-Астаналык плюс» ЖШС М.Дулатов көшесі, 191;

3. «Нурбереке 555», Алаш тас жолы, 30 «Көк» базар маңында;

4. «Метро» сауда үйінің маңы «Астана-Қарағанды» тас жолы 4/1;

5. «Шаушен» шаруа қожалығы, «Астана-Софиевка» тас жолы 9 шақырым;

6. «Темеш» шаруа қожалығы, «Астана-Софиевка» тас жолы 7 км;

7. «Жайлау» шаруа қожалығы, «Алаш» тас жолы, «Алаш» базарының маңы;

8. «Мақсат 2007» ЖШС, Теміржолшылар тұрғын алабы, Ақжар көшесі, 20.

 

ҚАСАПШЫЛАР ҚАЖЕТ

 

Астана қаласы әкімдігі құрбандық шалатын арнайы әзірленген 8 орында құрбандық шалатын кәсіби қасаптар қажет. Осыған орай, құрбан айт күндері қасапшылық қызметін атқарамын деушілерді тіркеу жүргізілуде. Қасапшыларды мешіт имамдарына жолығуларын сұраймыз. Сонымен қатар қасапшыларға арнайы түсіндіру семинары ұйымдастырылып, арнайы рұқсат қағаздар беріледі. Семинар 20 қыркүйек күні  сағат 11:00-де «Әзірет Сұлтан» мешітінде өткізіледі.

 

Бөлісу: