Сандар сөйлейді: 3695 мұқтажға 25 тонна 525 келі...

Мешіт тынысы
Жарнама

Астана қаласында Құрбан айт күндері қала мешіттерінің қызметкерлері мұсылман қауымына барынша жоғары деңгейде қызмет етуге тырысып бақты. Мешіттерде дайындық жұмыстары пысықталды. Құрбандық шалушыларға ақпараттық-танымдық насихаттар жүргізіліп, 10500 данамен парақшалар таратылды.

Мешіт ауласына киіз үйлер тігіліп, ұлттық ойындар ұйымдастырылды. Балаларға «Балақай айттық бізден» деген атпен сыйлықтар тарту етілді. Сондай-ақ, айт намазынан соң айттық тағам жәрмеңкесі ұйымдастырылды.Қарттар үйінде мерекелік дастархан жайылып, «Қарттарым – асыл қазынам» атты рухани кездесу өткізу де ұмыт қалмады. Құрбандық шалатын 150 қасапшыға семинар-тренинг ұйымдастырып, құрбан шалудың шарттары түсіндірілді.

Құрбандық шалу рәсімі қала әкімдігі белгілеген 9 орында жүзеге асырылып, мешіт қызметкерлері аталмыш орындардағы діни рәсімнің шариғат талабына сай атқарылуын қадағалап, құрбандық еттерін жинады.

Сонымен қатар жылдағы дәстүр бойынша «Раббың үшін Құрбан шал!» қайырымдылық акциясы ұйымдастырылып, нәтижесінде «Әзірет Сұлтан» мешіті – 46 сиыр, «Нұр Астана» орталық мешіті – 25 сиыр, «С.Ғылмани» мешіті – 5 сиыр және «Әлжан ана» мешіті – 1 сиыр сойып, жалпы саны 77 ірі қара малды акция аясында 539 адам бірігіп құрбандыққа шалды.

Құрбандық еттері Астана әкімдігі ұсынған 3 аудан бойынша мұқтаж жандар мен жекелеген өтініш иелері және 41 қоғамдық қорларға жалпы көлемі 25  тонна 765 келі құрбандық еттері 3695 отбасыға таратылды.


 

 

 

«Нұр Астана» орталық

мешітінің баспасөз қызметі

Бөлісу: