«Нұр Астана» мешітіне наиб имам тағайындалды (ФОТО)

Мешіт тынысы
Жарнама

Қасиетті жұма күні ҚМДБ төрағасы, бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының бұйрығымен белгілі исламтанушы Қабылбек Жұмабеков «Нұр Астана» орталық мешітіне наиб имам қызметіне тағайындалды.

ҚМДБ-ның наиб мүфтиі, «Нұр Астана» орталық мешітінің бас имамы Наурызбай қажы Тағанұлы жұма намазының алдында бас мүфти бұйрығын оқып, жамағатқа жаңа наиб имамды таныстырды.

Қабылбек Әліпбайұлы ел руханиятына өзіндік үлес қосып келе жатқан жас ғалым.

Жұмабеков Қабылбек Әліпбайұлы 1982 жылы ОҚО Сарыағаш ауданы, Абай ауылында туылған. 2002-2005 ж.ж. "Нұр Мүбәрак" Египет ислам мәдениеті университетін бітірген. 2005-2012 ж.ж. Египет араб республикасындағы «Әл-Әзһар» университетінің «Ислам шариғаты» факультетін тәмамдаған.

2012-2013 ж.ж. аралығында Алматы қаласы «Әбу Ханифа» медресесінде ұстаз, 2013-2015 ж.ж. аралығында ҚМДБ-ның Жезқазған аймағындағы өкілі, «Ахмет Ишан» мешітінің бас имамы, 2015-2016 ж.ж. аралығында Алматы қаласы «Байкен ата» мешітінің наиб имамы қызметтерін абыройлы атқарған.


 

 

«Нұр Астана» орталық

мешітінің баспасөз қызметі

Бөлісу: