20
Сенбі,
Сәуір

һижри

Мұсылман күнтізбесі – жақсылықтың жаршысы (ФОТО)

Мешіт тынысы
Жарнама

Ислам – қазақ жеріне ежелден қазық қаққан, тарихи тамырын тереңге жіберген, халқымыздың салт-санасына сіңіскен дін. Тәуелсіздік туын тіккен жиырма жыл ішінде ел санасы жаңғырып, дін саласы орныға бастады. Ораза және Құрбан айт мерекелері ұлттық сипатта бұқараның басын қосқан атаулы күндерге де айналды. Пайғамбар мәуліті жер-жерде кеңінен тойланып, дін насихаты өз арнасына түсті.

Осы ретте ел мұсылмандарына арнайы күнтізбе шығару Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы тарапынан қолға алынған ілкімді істің бірі болып отыр. Бүгінде мұсылман күнтізбесі жыл сайын жаңартылып,  республика мешіттеріне, БАҚ беттерінде жариялануда.

Жұма күні «Нұр Астана» орталық мешітінің наиб имамы Төлеби Оспан биылғы 2016 жылдың жаңа күнтізбесін жергілікті жамағатқа таратты. Шариғи маңызды мәліметтер, діни мерекелер мен намаз кестелері қамтылған күнтізбе жайында кеңірек түсіндіріп, асыл дініміздегі атаулы күндердің мән-маңызын айтып өтті. Ал ақсақалдар тарапы өз кезегінде мұсылман қауымына қадірлі күндердің жиынтығын құрастырып, жарыққа шығарған дін өкілдеріне алғыс айтып, батасын берді.

«Нұр Астана» орталық

мешітінің баспасөз қызметі

Бөлісу: