21
Жексенбі, Қазан

һижри

Елорданың көрікті мешіті анықталды (ФОТО)

Мешіт тынысы
Шрифт

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы республика мешіттерінің үлкен мәдениет ордасына айналуымен қатар, сән-салтанаты мен ажарының, ішкі-сыртқы тазалығының жоғары болуын басты назарда ұстайды. Осы мақсатта республикалық деңгейде «Көрікті мешіт-2016» бәйгесін жарияланды.

Бүгінде ізгі үрдіске айналған бастама аясында аймақтардағы айшықты құлшылық ордалары арасында іріктеу кезеңдері өткізілуде. Астана қаласындағы сегіз мешіттің діни басқарма бекіткен талап-шарттарға сәйкестігі арнайы құрылған комиссия арқылы анықталды. Қойылған талаптар қатарында мешіттің көркіне (күмбез, мұнарасы, мінбері, күрделі жөндеу жұмыстарынан өтуі, сыртқы қоршауы, аят-хадис, нақыл сөздер мен ақпарат тақтасының болуы), мешіттің ішкі-сыртқы тазалығы, көгалдандыру, сонымен қатар, мешіт құжаттарының заңдастырылуы, т.б. мән берілді.

Астана мешіттерінде жүргізілген тексеру барысында, аталған талаптарға «Нұр Астана» орталық мешіті толықтай сай деп танылды.

Еске сала кетейік, «Көрікті мешіт-2016»  республикалық бәйге жүлдесі алдағы күндері ҚМДБ бекіткен комиссия тарапынан анықталады.


«Нұр Астана» орталық 

мешітінің баспасөз қызметі

e-max.it: your social media marketing partner

Категория бойынша