Құрметті астаналықтар мен қала қонақтары!

Мешіт тынысы
Жарнама

Елімізде донорлардың тапшылығынан көпшілік адамдар қиын жағдайларға тап болуда. Мұқтаж жанның қайғы-мұңына бей-жай қарамайтын мұсылман жамағатын ү.ж. 24 сәуірі жұма күні сағат 09:00 мен 13:00 аралығында «Нұр Астана» орталық мешітінде өтетін «Өзгеге өмір сыйла» қайырымдылық акциясына қатысуға шақырамыз.

 

Қасиетті Құран кәрімде «Маида» сүресінің 32-ші аятында Алла Тағала:

وَمَنْ أَحْيَاهَا فَكَأَنَّمَا أَحْيَا النَّاسَ جَمِيعًا

«Кімде кім бір адамды өлімнен құтқарса барлық адамды тірілткенмен тең»-деп, адамзатқа өмір сыйлаудың сауабының көп екендігін ескерткен.

Аталмыш акция бір күнмен шектелмейді, 8 маусымда «С.Ғылмани» мешітінде өткізу жоспарлануда.

Донорлықтың шарттары:

-         18 жастан асқан, дені және қан құрамы сау болу;

-         Қан тапсырушының өзімен бірге жеке куәлігініңболуы.

 

Қан тапсырушыға кеңес:

-         Қан тапсыратын күні ащы, аса майлы және сүтті тағамдарды қабылдамаңыз. Есесіне жеміс-жидек, көкөніс, бидай өнімдерін тұтыныңыз;

-         Қан беруге ең оңтайлы уақыт ас ішкеннен соң 2-3 сағаттан кейін беру;

-         Қан берген соң міндетті түрде бір тостақ су, шырын немесе шәй ішіңіз!

Донор болу арқылы – Сіз  біреудің өмірінің құтқарылуына себеп бола аласыз!

 

Толық мәлімет алу үшін 44-58-48, 87022757705.

Бөлісу: