Арман Қуанышбаев «Хикмет» студиясында сұхбат берді

Мешіт тынысы
Жарнама

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы алға қойған басты бағыттардың маңыздысы – уағыз-насихат насихат жұмыстарын жандандыру мақсатында Діни басқарма жанынан және аймақтарда республикалық-жергілікті ақпараттық насихаттар топтары құрылып, бұл бағытта өңірлерде дін насихаты кеңінен жүргізіле бастады.

Білімді де білікті теологтардан, шариғат саласының мамандарынан құралған топтар түрлі әлеуметтік орындарда дәстүрлі ислам діні турасында ауқымды семинар-тренингтер, имамдардың біліктілігін арттыру курстарын, жалпы жамағатпен жүздесу секілді іргелі істерді қолға алды. Осы мақсатта бүгін ҚМДБ Республикалық ақпараттық тобының мүшесі, белгілі дін мамандары, исламтанушы ғалымдар Арман Қуанышбаев пен Нұрмұхаммед Иминов Астанаға ат басын тіреп, алдағы бес күнде Елорда ендігінде насихат жұмыстарын жүргізіп, түрлі деңгейдегі кездесулерге қатыспақ ниетте.

Ал Арман Қуанышбаев бүгін ҚМДБ жанынан ашылған «Хикмет» телерадио кешінде болып, сұхбат берді. Исламтанушы бұл жүздесуде имандылық, үлкен күнә және ғайбат турасында кеңінен қозғап, сағатқа жуық уақыт түсірілім жасалды. Бүгінгі кеште танымал теолог «Нұр Астана» орталық мешітінде астаналық жұртшылықпен кездесіп, шам намазынан соң уағыз жүргізеді. Ислам нәрімен сусындап, хақ діннен хабар аламын деген барша тұрғындарға Алла үйінің есігі әрқашан ашық екенін қаперлеріңізге сала кеткіміз келеді.

Ақшам намазы Астана уақытымен 20:35-те оқылады.

 

 

ummet.kz-ақпарат

Бөлісу: