«Абу Даби» жұмысшылар ұжымымен кездесті

Мешіт тынысы
Жарнама

Астана қаласындағы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының  Республикалық ақпараттық-насихат тобының (РАНТ) іссапары қаладағы түрлі әлеуметтік ортада, мемлекеттік және өзге де мекемелерде жалғасын табуда.

Елорда ендігіндегі келесі кездесу РАНТ мүшелері, белгілі исламтанушы ғалымдар Арман Қуанышбаев пен Нұрмұхаммед Иминовтың қатысуымен «Абу Даби Плаза» құрылыс кешеніндегі жұмысшылар ұжымында өтті. Кездесуге Астана қаласы әкімдігі Дін істері басқармасы бөлім меңгерушісі Нұрдәулет Әлмұханов, «Нұр Астана» орталық мешітінің наиб имамы Асхат Сәлімов пен «Әзірет Сұлтан» мешітінің ұстазы Мақсатбек Қайырғалиев те қатысты.

Алқалы жиында құрылысшылар қауымы жиылып, дін мамандарының насихатына құлақ түрді.

Кездесу барысында теологтар зайырлы қоғамдағы діни ұстаным мәселесі, жиһад түсінігі турасында мазмұнды баяндамалар жасады. Бүгінгі бейбіт тіршілікті ұстап, берекелі тұрмыс кешіп отырған Отанымыздың қадір-қасиетіне жетіп, қолда бар бақыт пен нығметті бағалай білуге шақырды. Жиырма бірінші ғасырдың әлемін шарлаған дін атын жамылған ағымдардың айлалы әрекеттері турасында кеңінен баяндап, шынайы дін зорлық-зомбылыққа емес, тату тіршілік пен береке-бірлікке бастайтынын, мейірімділікке үндейтінін айтты. Кеш соңында жұмысшы қауымы дін төңірегіндегі сауалдарын қойып, тұщымды жауаптарын алды.

ummet.kz-ақпарат

Бөлісу: