Елорда аумағындағы ауқымды кездесулер

Мешіт тынысы
Жарнама

Астанға арнайы сапармен келген Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының  Республикалық ақпараттық-насихат тобы (РАНТ) теолог ғалымдары Арман Қуанышбаев пен Нұрмұхаммед Иминовтың кездесулер легі Астана іргесіндегі Қырқыншы станса тұрғындарымен және «Абу Даби Плаза» құрылыс кешені жұмысшылары ортасында жалғасуда.

Астана көркіне әр беріп, қаланың бой көтеруіне атсалысып жүрген құрылысшылар қауымының орны қоғамда айрықша. Екі күнге жалғасқан бұл мекемедегі жүздесулер қараша халықтың Ислам нәрімен сусындауға құлшынысы артқанын байқатты. Кездесуде дін мамандары бүгінгі таңдағы шариғат шеңберіндегі өзекті мәселелерге тоқталып, мазмұнды баяндама жасап, келелі кеңес берді. Өз кезегінде дін турасында тоқтамды шешімін іздеген жандар сұрақтарын қойып жатты.

Ал Қырқыншы стансада өткен кездесуде РАНТ мүшесі Нұрмұхаммед Иминов халыққа шынайы ислам діні жайында мол мағлұмат беріп, әсерлі уағыз-насихат айтты. Айта кетейік, Елорда аумағында ауқымды кездесулерді РАНТ теологтары қазақ және орыс тілдерінде қатар жүргізіліп отырды. Бұл өз кезегінде дәстүрлі дін турасында дұрыс ақпарат көзімен халықты қамтуда айтарлықтай септігін тигізуде.

Исламтанушылардың насихат жұмыстары кешкілік «Сәдуақас Ғылмани» және «Әлжан Ана» мешітінде жалғасын табады.

«Нұр Астана» орталық 

мешітінің баспасөз қызметі

Бөлісу: