«Мумтаз» мейрамханасының тыныс-тіршілігімен танысты (ФОТО)

Мешіт тынысы
Жарнама

Бүгін ҚМДБ-ның Халал стандарты бойынша өкілі, «Нұр Астана» орталық мешітінің наиб имамы Асхат Сәлімов Елордадағы «Мумтаз» халал мейрамханасы ұжымымен кездесіп, мейрамхана басшылығымен "Мумтаз" өнемдері Халал стандарт талаптарына сай болу жақтарын әңгімеге өзек етті.

Сондай-ақ, Халал стандартының өкілі «Мумтаз» мейрамханасының ішкі хал-ахуалымен, тыныс-тіршілігімен танысты. Мекеменің тазалығы, намазхана бөлмелерінің жай-күйі, асхананың санитарлық талаптарға сай болуы сынды маңызды жайларға баса назар аударылды. Кездесу соңы қос тараптың екі жақты құжаттарға қол қоюымен аяқталды.

Айта кету керек, "Мумтаз" басшлығы болашақта Халал стандарттың сертификатына қол жеткізу ниетінде.

Кездесу соңында А.Салимов аталмыш мекемеге ел игілі жолындағы жұмыстарының алдағы уақытта да жемісті болуына тілектестік білдірді.

 

"Нұр Астана" орталық

мешітінің баспасөз қызметі

Бөлісу: