Құрбан айтқа байланысты арнаулы акция өтеді

Құрбан айтқа байланысты арнаулы акция өтеді

Мешіт тынысы
Жарнама

Құрметті мұсылман қауым!

«Нұр Астана» орталық мешіті «Жетеудің бірі бол да, Раббың үшін құрбан шал!» қайырымдылық шарасына ат салысуға шақырады!

Шараға қатысушы адам ірі қара малды жалғыз өзі немесе жеті адамның бірі болу арқылы ортақтасып шалуға болады. Құрбандық шалу бағасы әрбір адам үшін 35 000 (отыз бес мың) теңгеден. 

Шараға қатысушы өзінің құрбандық ақшасын өткізеді және арнайы түбіртек алады. Құрбан айт күндері аталған түбіртек арқылы барып, құрбандық малдың шалынғанын көзімен көруіне болады. 

Жиналған ет қаламыздағы көп балалы, әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға, мүмкіндігі шектеулі жандар мен жалғыз басты аналар, толық емес құрамдағы отбасы мүшелеріне, т.б. мұқтаж жандарға үлестіріледі. 

Толық мәліметті «Нұр Астана» орталық мешітінің наиб имамдарынан ала аласыздар.

Мешіт ұжымы құрбандық шалуды және мұқтаж адамдарға таратуды ұйымдастырады.

«Раббың үшін құрбан шал» («Кәусар» сүресі, 2-ші аят)

Жауапты қызметкер: Мақсат Байзақ  +7 702 958 7979, +7 7172 44-61-66

www.ummet.kz

Бөлісу: