Астана қаласы бойынша айт намазының уақыты белгіленді

Астана қаласы бойынша айт намазының уақыты белгіленді

Мешіт тынысы
Жарнама

16 тамыз. АСТАНА. Ummet.kz – Астана қаласында айт намазы таңғы сағат 07:00-де оқылады, деп хабарлайды ummet.kz тілшісі.

Бұл туралы Құрбан айт мерекесіне орай «Нұр Астана» мешітінде өткен баспасөз мәслихатында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Астана қаласы бойынша өкілі, «Нұр Астана» орталық мешітінің Бас имамы Асқар Әбітайұлы мәлімдеді.

«Исі мұсылман баласын бауырмалдыққа, татулыққа, мейірімділік пен қамқорлыққа шақыратын Құрбан айт мейрамы биыл тамыз айының 21-ші жұлдызында басталады. Астана қаласы бойынша айт намазының уақыты 21-ші тамыз күні таңғы сағат 07:00-де оқылады», - деді өкіл имам.

20-шы тамыз – Арапа күні. Құрбан айт мерекесі 21-23 тамыз күндері тойланады. Құрбан айт мерекесін Елордамызда жоғары деңгейде атап өту мақсатында Астана қаласының мешіттерінде ішкі-сыртқы аумақтарында тазалық жұмыстары жүргізіліп, дайындықтары пысықталып жатқанын мәлім етті. Сонымен бірге, А. Әбітайұлы тәкбир ташриқ күндері туралы да баяндап берді.  

«20-шы тамыз Арапа күні таң намазынан бастап, Құрбан айттың төртінші күні яғни, 24 тамыз күні асыр намазына дейін барлық намаздардың парызынан кейін "тәкбир ташриқ" дұғасы айтылады. Төмендегі дұғаны оқу уәжіп болып табылады: «Аллааһу әкбар, Аллааһу әкбар, ләә иләәһә иллаллааһу уаллааһу әкбар, Аллааһу әкбар уа лиллааһил-хамд», - деді Асқар Әбітайұлы.

1

2

5

6

7

11

Бөлісу: