«Астана» медресе-колледжінде жаңа шәкірттер қабылданды

«Астана» медресе-колледжінде жаңа шәкірттер қабылданды

Мешіт тынысы
Жарнама

27 тамыз. АСТАНА. Ummet.kz – «Астана» медресе-колледжінде жаңа түлектер қабылданды, деп хабарлайды ummet.kz тілшісі.

Жаңа оқу жылының қарсаңында «Астана» медресе-колледжінде түлектерді қабылдау емтиханы болды. Еліміздің түкпір-түкпірінен келген оқу орнына түсуге ниетті 60 шәкірт емтихан тапсырды.

Қабылдау емтиханын Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының «Шариғат және пәтуа» бөлімінің қызметкері Хасан Аманқұлов, «Нұр Астана» орталық мешітінің наиб имамы Нариман Исенов, «Астана» медресе-колледжінің директоры Бекзат Ақжігітов пен медресе-колледждің ұстаздары қатысып, үміткерлердің білімін сарапқа салды.

Түлкетер «Қазақстан тарихы», «Қазақ тілі» және діни сауаттылық бойынша сынақ тапсырды. Үміткерлер ішінде Құран Кәрімді толық жаттаған азаматтар, 5-10 пара жатқа білетін, мектепті қызыл дипломмен бітіргендер де болды.  Нәтижесінде емтиханнан өткен түлектер жаңа оқу жылындағы медресе-колледждің шәкірті ретінде оқуға қабылданды.

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

Бөлісу: