Ұстаз Арман Қуанышбаев «Нұр Астана» мешітінде уағыз айтты (ФОТО)

Ұстаз Арман Қуанышбаев «Нұр Астана» мешітінде уағыз айтты (ФОТО)

Мешіт тынысы
Жарнама

21 қыркүйек. АСТАНА. Ummet.kz – Танымал ұстаз Арман Қуанышбаев Елордадағы уағыз-насихат сапары аясында «Нұр Астана» орталық мешітінде уағыз айтты, деп хабарлайды ummet.kz тілшісі.

ҚМДБ «Балаби қари» қарилар дайындау орталығының директоры, Республикалық ақпараттық-насихат тобының (РАНТ) мүшесі Арман Қуанышбаев Астана қаласындағы мешіттерде уағыз-насихат айтуда.

Елорда мешіттері мен бірқатар мекемелерде кездесулер өткізіп, тақырыптық уағыздар айтып, жұртшылықтың көңілінде жүрген сұрақтарына жауап берген Арман ұстаз «Астана» медресе-колледжіне де арнайы ат басын бұрды. Медресе шәкірттерімен кездесіп, оларды ғылым жолына ынталандырды. Сонымен бірге, өз білімімен және жұмыс тәжірибесімен бөлісіп, шәкірттерге ақ батасын берді.  

Ал, кеше құптан намазынан кейін, А. Қуанышбаев ҚМДБ-ның Астана қаласы бойынша өкілдігі, «Нұр Астана» орталық мешітінде жамағатпен кездесіп, «Тәубе» тақырыбында уағыз айтты.

Кездесу аясында Арман ұстаз жұртшылыққа тәубенің мән-маңызы, адам өміріне әсері, дініміздегі орыны мен оның шарттары жайында кеңінен тоқталып, жиналған қауымға толыққанды мағлұматтар берді. Сонымен бірге, азаматтарға дәстүрлі Ислам құндылықтарынан дұрыс ақпараттар беріп, жамағаттың көкейінде жүрген сауалдарына тұщымды жауап берді.

Уағыз-насихат жұмыстарын жандандыру, жат ағымның алдын алу жұмыстары бүгінде ел мешіттерінің жұмысындағы басты бағыттардың бірі. Осыған орай ел аумағында Республикалық ақпараттық-насихат тобы (РАНТ) мен жергілікті ақпараттық-насихат тобы (ЖАНТ) белсенді жұмыс жасауда.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Астана қаласы бойынша өкілдігінде де аталған қос бағыттағы жұмыстар қарқынды жүргізіліп келеді.

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

Бөлісу: