«Жібек» қыз-келіншектер клубы қарт аналарға сый-құрмет көрсетті

«Жібек» қыз-келіншектер клубы қарт аналарға сый-құрмет көрсетті

Мешіт тынысы
Жарнама

8 қыркүйек. АСТАНА. Ummet.kz – ҚМДБ-ның Әйел-қыздар секторы, Жібек қыз-келіншектер клубы қарт ұстаздарға арнайы дастархан жайып, мерекелерімен құттықтады, деп хабарлайды ummet.kz тілшісі.

«Нұр Астана» орталық мешітінің жанынlf жұмыс істейтін қыз-келіншектер клубының мүшелері арасында ұзақ жылдар ұстаздық еткен білікті қарт аналар да көп. Қазан айының 1-жұлдызына түсетін халықаралық қарттар күні мен алғашқы жұмасына дөп келетін ұстаздар күні қарсаңында клуб мүшелері қарт аналар мен ұстаздарға сый-құрмет көрсетіп, дастархан басына жинады.

Мерекелік отырыстың басында «Жібек» қыз-келіншектер клубының жетекшісі Динара Нұрғалиева жиналған жамағатқа алғысын білдіріп, тұлымшағы желбіреген өскелең қыз балалар үшін қарт аналардың үлгі-өнегесі мен салихалы әңгімесінің берері мол екенін, ұлттық құндылықтарымызды сақтауда, ұрпақтар сабақтастығының үзілмеуінде қазыналы қарттарымыздың жастармен араласа-құраласа жүріп, іс-әрекетімен дұрыс бағыт-бағдар сілтеуінің маңыздылығына тоқталды.

«Осы орайда мешітімізге бірнеше жылдан бері келіп, істеліп жатқан әрбір іс-шараға өз үлестерін қосып, ақыл-насихатын айтып, әрдайым жанымыздан табылатын қарт аналарымыз бен ұстаздарымызға мына айтулы күндерді себеп қыла отырып, алғыс айтуды жөн көрдік», - деді Д.Нұрғалиева.

Әрі қарай мерекелік дастархан басында әсем әуен мен құлақ құрышын қандырар дәстүрлі ән-жырдан шашу шашылды.  Сондай-ақ, отырыстың сыйлы қонағы Астана қаласы әкімдігінің Дін проблемаларын зерттеу орталығы Психологиялық оңалту бөлімінің басшысы Қойшиева Лимана ханым жиналған қауымға жылы лебізін білдіріп, «Жібек» қыз-келіншектер клубына атқарылып жатқан іс-шаралар үшін ризалығын айтып, алдағы уақытта да бірлесе жұмыс істеудің маңыздылығына тоқталды. 40 жылдан аса ұстаздық еткен әжелер мен немере тәрбиелеп, шөбере сүйіп отырған әжелер ыстық ықыласын білдіріп, ақ баталарын берді. Іс-шараның соңында жиналған қарт ұстаздар мен аналарға сыйлықтар ұсынылды.

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

Бөлісу: