Шәкірттер арасында білім сайысы өтті

Шәкірттер арасында білім сайысы өтті

Мешіт тынысы
Жарнама

26 ақпан. АСТАНА. Ummet.kz – «Нұр Астана» мешітінің жанындағы сауат ашу курсының шәкірттері арасында білім сайысы өтті, деп хабарлайды ummet.kz сайты.

Сауат ашу курстарының жұмысын жандандыру ел мешіттерінің маңызды бағыттарының бірі. Бұл үрдіс бір жағынан халықты діни дұрыс ақпараттармен қамту болса, бір жағынан жат идеялогиялардың алдын алу жұмысы деуге болады.

Жат ағымның алдын алу мақсатында «Нұр Астана» мешітінің шәкірттері арасында имам Тахауидың «Таным тұғыры» кітабынан «Сеніміңе селкеу түспесін» атты білім сайысы өтті.

Сайыстың мақсаты – шәкірттерге дұрыс сенімді насихаттай отырып, жат ағымның жетегінде кетуден сақтандыру.

Шараға қатысқан бас имам Асқар Әбітайұлы шәкірттерге сайыстың мәні мен маңызына тоқталып, білім бәсекесінің биік деңгейде өтуіне сәттілік тіледі.

Жалпы екі кезеңнен тұратын сайыстың алғашқы кезеңіне 100 шәкірт қатысып, білімдерін сынады. Бірінші кезеңнен іріктеліп алынған бес шәкірт жұма күні жиналған жамағаттың алдында ақтық сайыстан өтеді. Жүзден жүйрік шыққан шәкірттерге ақшалай сыйақы мен арнайы дипломдар табысталады.

2

2

2

2

2

2

2

2

2

2

2

2

2

2

2

2

2

2

Бөлісу: