Тарауыққа келген тұрғындарға тегін автобус қызмет көрсетеді

Тарауыққа келген тұрғындарға тегін автобус қызмет көрсетті

Мешіт тынысы
Жарнама

6 мамыр. Астана. Ummet.kz – Тарауық намазының алғашқы күні Елорда мешіттерінде намазға келген қала тұрғындарын арнаулы қоғамдық көліктер тегін тасымалдады, деп хабарлайды ummet.kz тілшісі.

Рамазан өзіне тән тағат-ғибадаттарымен, талап-шарттарымен ерекшеленеді. Қасиетті айда отыз күн бойы атқарылатын осындай құлшылықтың бірі – тарауық намазы. Соңғы жылдары Астана мешіттерінде тарауыққа келушілер қатары молайып келеді. Осы себепті де Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Нұр-Сұлтан қаласы бойынша өкілдігі қала әкімдігінің қолдауымен түнгі намазға жиылған жұртшылықтың үйлеріне қайтуына қолайлылық жасау мақсатында арнайы қоғамдық көліктер шығару үрдіске айналған.

Еліміздің астанасы Елорда әкімшілігінің қолдауымен жыл сайын ұйымдастырылып келе жатқан игі шара биылғы жылы республикалық «Әзірет Сұлтан», «Нұр Астана», «Ғылмани», «Ақмешіт», «Ырыскелді қажы» мешіттерінде өз жалғасын табуда. Бұл мешіттерде автобустар өз бағыттары бойынша 6 мамыр мен 4 маусым аралығында күнделікті қатынайтын болады.

Қатынау уақыты:  күнделікті түнгі сағат 01:00-де.

Ал, «Нұр Астана» мешітінде Таруық намазының алғашқы күні мешітке келген жамағатты үш автобус үйлеріне жеткізіп салды. Қала тұрғындары бұл іс дән ризашылығын білдіріп, ұйымдастырушыларға алғыс айтып жатты.

Автобустардың бағыт кестесі төмендегідей:

101

102

WhatsApp Image 2019 05 06 at 22.39.19

Бөлісу: