Мүмкіндігі шектеулі жандарға ауызашар берілді

Мүмкіндігі шектеулі жандарға ауызашар берілді

Мешіт тынысы
Жарнама

8 мамыр. Нұр-Сұлтан. Ummet.kz – Рамазан айына орай ҚМДБ-ның Нұр-Сұлтан қаласы бойынша өкілдігінің бастамасымен Елорда мешіттерінде әр түрлі әлеуметтік топтар мен әр сала өкілеріне ауызашарлар ұйымдастырылуда. «Нұр Астана» мешітінде мүмкіндігі шектеулі жандарға ауызашар берілді, деп хабарлайды ummet.kz тілшісі.

Рамазан айында момын мұсылман ораза ұстап қана қоймай, қолынан келгенше жақсылықты көбейтетін, адамдарға көмек көрсетіп, ағайынның қамын ойлауы – айырықша сауапты жұмыс. Елорда мешіттерінде бұл үрдіс жыл сайын өз жалғасын тауып келеді.

«Нұр Астана» мешіті де Рамазан айында әр түрлі топ өкілдеріне ауызашар дастарханын ұйымдастырып, ағайынның бірлігі мен татулығы үшін игі қадамдар жасауда. Нұр-Сұлтан қаласының мүгедектер қоғамының төрайымы Сара Алтынбекқызының бастауымен мүмкіндігі шектеулі жандар мешіт жанындағы арнайы ауызашар дастарханынан ауыз ашты.

Іс-шараның басы-қасында болған арнаулы ауызашар дастархандарына жауапты наиб имам Р. Байзақовтың айтуы бойынша, алдағы уақытта Рамазан айының соңына дейін мұндай ауызашар дастархандары әр сала өкілдерін қамтиды деп жоспарлануда. 

1

 1

 1

 1

 1

Бөлісу: